Кәсіби бокс

Әлімханұлына 31 қарсыласын жеңген боксшымен жекпе-жек ұсынылды

Әлімханұлына 31 қарсыласын жеңген боксшымен жекпе-жек ұсынылды
Mandurah Mail

Аустралиялық сарапшы Грантли Киза орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) жаңа қарсылас ұсынды. Жәнібек айқасуға шақырған WBA чемпионы Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) аустралиялық Майкл Зерафамен (31-4, 19 КО) жекпе-жек өткізетіні белігілі болды.

"Зерафа көптен бері барлық титулдарды отанында жиюды армандап келеді. Бірініш қадам жасалды. Ларамен чемпиондық айқасқа шығатын болды. Кубалық сықты бірақ, ол қартайды. Жас әрі болашағы хор жігіттердің уақыты келді. Зерафаның Лараны жеңуге барлық мүмкіндігі бар. Ал келесі қадамы Әлімханұлы мен Лдремалл Чарлоны айқасқа шақырады. Чарломен келіссөз жүргізу ауыр болғандықтан, Әлімханұлымен Аустралияда айқас тамаша болады. Бұл көпшілік назарына түсіп, үлкен гонорар әкеледі. Зерафа жеңсе, үш титул үшін айқасты көретін сияқтымыз", - дейді Киза.

Басқа спорттық жаңалықтар