Футбол

"Барселона" капитаны Хавидің ізінше командадан кетеді

Twitter

"Барселона" капитаны Серхи Роберто каталондық клубтан кетеді. 

AS мәліметінше, бұл Хавидің команданың бас бапкері қызметінен кетуіне байланысты болып отыр, өйткені маман қорғаушыны командада қалдырғысы келген. Дегенмен бапкердің өзі де кететіндіктен, клуб басшылығы Робертомен де келісімшартты ұзартпайтын болды. 

Роберто "Барселона" академиясына "Химнастика" балалар командасынан ауысып, екі жылдан кейін каталондықтардың екінші командасы үшін өнер көрсете бастады. 2010 жылы "Барселонаның" негізгі командасы үшін ойнай бастады. 

Ал 2010 жылдан Испания құрамасына шақыртылып жүр. 

Басқа спорттық жаңалықтар