0

Қазақстандық оқушы спидкубингтен ӘЧ-де күміс иеленді

Қазақстандық оқушы спидкубингтен ӘЧ-де күміс иеленді
UK cube association

16 жастағы қазақстандық Әлішер Құрмаш Шотландия астанасы Эдинбургте өткен Рубик кубигін құраудан Edinburgh Winter 2024 чемпионатында екінші болды.

Британиялық кубиктер қауымдастығы ұйымдастырған бұл жарысқа әлемнің 23 елінен 184 адам қатысты.

Әлішер Құрмаш 3х3х3 форматындағы Рубик кубигін жылдам құрау сайысында күміс жүлдегер атанды. Бірінші және үшінші орындарды Ұлыбритания өкілдері Николас Арчер мен Джейкоб Чемберс иеленді.

Еске салайық, Әлішер былтыр Шотландияның Абердин қаласында өткен чемпионатта бірінші болған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар