Футзал

Қазақстаннан ұтылған португалиялық ойыншылар көз жасын ұстай алмады

Қазақстаннан ұтылған португалиялық ойыншылар көз жасын ұстай алмады
Видеодан кадр

Футзалдан Португалия құрамасының ойыншысы Лусио Роча Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Қазақстанмен матчтен кейін жылап жіберді.

Бұл ойында қазіргі чемпион Португалия құрамасы соңғы секундтарда жеңіліске ұшырады - 1:2. Шешуші голды Дәурен Тұрсағұлов салды. Матч аяқталған сәтте Роча көз жасын ұтсай алмады.

30 қыркүйек Ташкентте өтетін ширек финал матчінде қазақстандық футзалшылар Аргентина - Хорватия кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.



Басқа спорттық жаңалықтар