ХК "Барыс"

«Барыс» ресейлік команданы ұтып турнир кестесінде бір саты көтерілді

«Барыс» ресейлік команданы ұтып турнир кестесінде бір саты көтерілді
"Барыс" ХК

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Сочи» командасына қарсы өткізді.

Биыл,ы маусымда астаналық команда сегіз кездесудің жетеуінде ұтылыпп, біреуінде жеңіске жетті. Салдарынан турнир кестесінде ең соңғы келе жатқан еді.

Ал осы матчте «Барыс» сапынан Уэйд Эллисон 10-минутта мергендік танытты. Бұл гол елордалық клубқа жеңіс алып келді.

Осылай, 1:0 есебімен басым түскен «Барыс» турнир кестесінде бір сатыға жоғарылап, 22-орынға тұрақтады.


Басқа спорттық жаңалықтар