Теннис
Құламбаева Аргентинадағы турнирде жарыстың бірінші ракеткасын ұтты

ktf
Қазақстандық Жібек Құламбаева Аргентинада өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына жетті.
Жібек екінші айналымда осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген аргентиналық Юлия Риераны 6:3, 0:6, 6:4 есебімен ұтты.
Енді ширек финалда Құламбаева испаниялық Ирене Бурилло Эскориуэлаға қарсы ойнайды.