Волейбол

Волейболдан ел чемпионатында «Қуаныш» «Алматыны» ұтты

 Волейболдан ел чемпионатында «Қуаныш» «Алматыны» ұтты

Павлодар қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионаты үшінші турының ойындары аяқталып келеді.

Жексенбі күні орталық матчта «Қуаныш» (СҚО) пен «Алматы» командалары кездесті.

Солтүстікқазақстандық клуб тартысты бәсекеде 3:1 (25:22, 22:25, 27:25, 25:23) есебімен жеңіске жетіп, ұпай санын 44-ке жеткізді.

Бұдан кейінгі үш орынға 40 ұпаймен «Жетісу» (Талдықорған), «Тұран» (Түркістан), «Берел» (ШҚО) командалары жайғасты.

«Алматы» 37 ұпаймен 5-сатыда қалды.

Түркістандықтар өскемендік «Алтайды», «Жетісу» «Қарағандыны», «Ертіс» талдықорғандық «Айқаракөзді» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Дүйсенбі, 29 қаңтарда үшінші тур мәресіне жетеді. Мұнда «Жетісу» мен «Қуаныштың» кездесуі көрермен назарын аударары анық.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар