ММА

MMA файтері спаррингте алған ауыр соққыдан есін жимай қайтыс болды

MMA файтері спаррингте алған ауыр соққыдан есін жимай қайтыс болды

Ресейдің Киров қаласында 18 жастағы спортшы басынан алған ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды.

Оқиға 26 қаңтарда болған. «Матч-ТВ» телеарнасының хабарлауынша, қаладағы «Юность» спорт мектебінде MMA шеберлерлі спарринг өткізген. Сол кезде жас спортшы басынан ауыр соққы алыпты. Дәрігерлердің шұғыл көрсеткен көмегіне қарамастан, ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

Жергілікті тәртіп сақшылары қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу-тексеру жұмыстары аяқталған соң нақты шара қолданылады деп сендірді олар.


Дереккөз: 1bol.kz

Басқа спорттық жаңалықтар