Бокс

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы президент сыйлаған көлікпен ереже бұзған

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы президент сыйлаған көлікпен ереже бұзған
instagram.com/olympic.uz

Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхужа Муйдинхужаев Өзбекстанда жол ережесін бұзғаны үшін жазаға тартылады.

"Газеты.uz" мәліметінше, боксшы Ташкенттегі көшелердің бірінде "Президент сыйы" деген жазуы бар Tahoe көлігімен сағатына 110 шақырым жүріп, онысын Instagram желісіне салыпты. Ролик одан кейін бірден желіден алынып тасталды.

Ташкенттің құқық қорғау органдары материалды қарауға алыпты.

"Заңды шешім қабылданады", - делінген ведомство хабарламасында.

Ішкі істердің бас басқармасының баспасөз хатшысы Кахрамон Худойберганов "Дарё" басылымына көлік қазіргі таңда іздестіріліп жатқанын хабарлады.

"Заң бәріне бір, әрбір заң бұзушылықтың артында жаза бар. Көлік жақын арада табылып, шара қолданылады, бұл туралы кейін тағы хабарлаймыз", - дейді ол.


Басқа спорттық жаңалықтар