ХК "Барыс"

«Барыс» клубына жаңа бас бапкер келді

«Барыс» клубына жаңа бас бапкер келді
"Барыс" ХК

Қазақстандық «Барыс» хоккей клубына бас бапкер қызметіне Вячеслав Буцаев тағайындалды.

«Барыс» канадалық маман Дэвид Немировскимен келісімшартты үзгенін мәлімдеді. Онымен бірге Макс Маркович пен Стив МакГичи де бапкерлер құрамынан кетті. Осыдан кейін Евгений Королев бас бапкер қызметін атқарушы болған еді. 

Енді міне «Барыстың» бас бапкері қызметіне Вячеслав Буцаев тағайындалды. Бапкермен жасалған келісім осы маусымның соңына дейін есептелген.

Буцаев ойыншы ретінде Олимпиада және әлем чемпионы атанған, Ресей және Швеция біріншіліктерінде топ жарған. Одан бөлек, Ұлттық хоккей лигасында 130-дан астам матч өткізген.

Ал бапкер ретінде ҚХЛ-да ЦСКА, «Сочи» және «Нефтехимик» командаларын жаттықтырған. 

Басқа спорттық жаңалықтар