Бәйге

Қазақстандық Кабирхан Дубайда өткен жарыста тағы да топ жарды

 Қазақстандық Кабирхан Дубайда өткен жарыста тағы да топ жарды

Дубайда өткен Al Maktoum Challenge турнирінің бірінші топтағы үздік аттар бәйгесінде батысқазақстандық Тілек Мұхамбетқалиевтің тұлпары Кабирхан мәре сызығын тағы да бірінші болып кесті.

БҚО бәйге федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық сәйгүліктің қарсыластары қатарында былтырғы экс-чемпион Мими Какуши және классиканың үздіктері Атлетико Эль Кулано, Клэптон, Фёрст Конститьюшен, Милитари Ло болды.

Бәйгеде 12 тұлпар бақ сынады.

Енді Кабирхан наурыз айында Дубайдағы бүкіләлемдік кубокте бақ сынайтын болады.

Кабирхан – атақты Калифорния Хром атты сәйгүліктің ұрпағы. Әкесі Калифорния өз тарихында Дубай чемпионы болған тұлпар.\


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар