Кәсіби бокс

Промоутер Головкин - Кроуфорд айқасында кім жеңетінін айтты

Промоутер Головкин - Кроуфорд айқасында кім жеңетінін айтты
IG/Matchroom/boxingscene.com

Белгілі промоутер әрі менеджер Зия Алиев қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) жекпе-жекке шықса не болатынын айтты.

Мұның алдында қазақстандық боксшыға Кроуфордпен Сауд Арабиясында жекпе-жек өткізу ұсынылғаны хабарланды. Алайда бұл ақпарат расталмады.

"Мұнда сөзсіз Головкин жеңеді. Ол ірі әрі мықтырақ. Физикалық тұрғыда ол Кроуфордты сабап тастайды. Теренстің Мадримовпен айқасын еске алыңыз. Кроуфордқа бірнші орта салмақта қиын болды. Салмақ дәрежесіне құрметпен қарау керек. Оның үстіне, Головкин - ол мықтылардың бірі. Егер жекпе-жек орта салмақта өтсе, Кроуфордта жеңуге мүмкіндік жоқ", - дейді Алиев.

Басқа спорттық жаңалықтар