Футбол

Рафаэль Варан 31 жасында карьерасын аяқтады

Рафаэль Варан 31 жасында карьерасын аяқтады
instagram.com/comofootball

Франциялық Рафаэль Варан 31 жасында футболшы карьерасын аяқтады. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желіде жариялады.

Ойыншының футболдан қол үзуіне жарақаты себеп болды. Жазда ғана еркін агент ретінде Италияның "Комо" командасына ауысқан Варан бар болғаны 23 минут қана алаңға шықты. Жарақатына байланысты орнын босатып, кейіннен ұзақ уақыт емделуі керек екені анықталды. Нәтижесінде, қос тарап келіскен түрде келісімшарт уақытын ерте аяқтады.
 Рафаэль Варан "Ланс" (Франция), "Реал Мадрид" (Испания) және "Манчестер Юнайтед" (Англия) командаларында ойнады. Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанды. Ал "Реалмен" Чемпиондар лигасында төрт рет топ жарды.

Басқа спорттық жаңалықтар