Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындары

Канвон-2024: 27 қаңтар күні жарыс жолына кімдер шығады

 Канвон-2024: 27 қаңтар күні жарыс жолына кімдер шығады

27 қаңтар күні Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандықтар спорттың 2 түрінен сынға түседі.

Атап айтсақ, фристайл могул мен керлингтен отандастарымыз бақтарын сынайды.

Жарыс кестесі Астана уақыты бойынша көрсетілген.

Фристайл могул. Жеке бәсеке

10:00. Ұлдар/қыздар

Денис Раструба

Юлия Феклистова

Керлинг.

15:00. Аралас жұптық бәсеке. Топтық кезең.

Қазақстан - Аустрия

Мерей Тастемір

Ибрагим Тастемір

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанды. Канвон провинциясының Каннын қаласында өтетін жылдың басты жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 41 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап жатыр.

Еске салайық, Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталған жарыста әлемнің 80-ге жуық елінен 1 800 спортшы 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығын сарапқа салуда.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар