Australian Open
Әлемнің бірінші ракеткасы Australian Open-нің финалына өте алмады
Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович жеңіліс тапты.
Серб АТР рейтингінде төртінші орында тұрған италиялық Янник Синнерге жол берді – 6:1, 6:2, 6:7 (6:8), 6:3.
Матч 3 сағат 26 минутқа жалғасты.
Australian Open-нің финалында Янник Синнер ресейлік Даниил Медведевпен кездеседі. Ерлер арасында AO-2024 финалы 28 қаңтарда өтеді.
Дереккөз: el.kz