Australian Open
Australian Open: Ерлер арасында екінші финалист белгілі болды
Бүгін Аустралия ашық чемпионатында әлемнің 3-ракеткасы, ресейлік теннисші Даниил Медведев пен рейтингіде 6-орында тұрған германиялық Александр Зверев финалға жолдаманы сарапқа салды.
Алғашқы екі партияда германиялық теннисші 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Алайда Медведев үшінші, төртінші, бесінші партияда жеңіске жетіп, финалдық кезеңге өтті - 7:6 (7:4), 7:6 (7:5), 6:3.
4 сағат 20 минутқа созылған тартысты кездесуде Даниил 14 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Ал Александрдың еншісінде 14 эйс, 5 брейк (10 брейк-пойнт) бар.
Д. Медведев жексенбі, 28 қаңтар күні чемпиондық атақ үшін италиялық теннисші Янник Синнермен кортқа шығады.
Дереккөз: sports.ru