Футбол

Юрген Клопп маусым соңында «Ливерпульден» кететінін мәлімдеді

Юрген Клопп маусым соңында «Ливерпульден» кететінін мәлімдеді

«Ливерпуль» футбол клубының бас бапкері Юрген Клопп қазіргі маусым аяқталғаннан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлаған.

«Кейбіреулер бұл ақпаратты естігенде таңырқайтынын білемін. Бірақ, мен өз шешімімді түсіндіріп кетейін. Маған бұл командада бәрі ұнайды, ешқандай кереғар мәселе болған емес. Дегенмен, мен өз шешімімді дұрыс деп есептеймін.

Менің энергиям таусылып барады. Қазір менде ешқандай проблема жоқ, бірақ ертелі-кеш осындай шешім қабылдуым керек болатынын бұрыннан білгем. Өйткені, бір жұмысты қайта-қайта жыл сайын істей бере алмаймын», - деді Клопп.

Қазіргі таңда «Ливерпуль» АПЛ-дің турнир кестесінде 48 ұпаймен бірінші орында келеді.

Клопп болса «Ливерпульді» 2015 жылдан бері жаттықтырады. Осы уақыт аралығында клуб АПЛ чемпионы, ел Кубогі мен Суперкубогінің иегері, Чемпиондар лигасының жеңімпазы, Еуропа Суперкубогінің иегері және клубтық әлем чемпионатының жеңімпазы болған.


Дереккөз: liverpoolfc.com

Басқа спорттық жаңалықтар