Футзал
ФИФА футзалдан ӘЧ-дегі Франция - Иран матчіне тексеру тағайындады
Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Франция мен Иран арасындағы даулы матчты тексеретін болды.
F тобындағы көшбасшылыққа талас ойынды тексеру туралы шағымды Ливия және Парагвай құрамалары берген. Олар Франция мен Иран құрамалары әдейі жеңіске жетпеуге тырысқан деп санайды, себебі жеңіліс екі құраманың плей-офф кезеңінде жеңілірек қарсыластармен ойнауына мүмкіндік беретін еді.
22 қыркүйекте өткен топтық кезеңнің үшінші турында Иран Францияны 4:1 есебімен жеңіп, екі команда да 1/8 финалға шыққан. 26 қыркүйекте Иран Мароккомен, ал 27 қыркүйекте Франция Тайландпен ойнайды.
ФИФА ресми тергеу жұмыстары аяқталғанша пікір білдіруден бас тартты.