Футзал

Футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына өткен алғашқы командалар анықталды

Футзалдан әлем чемпионатының ширек финалына өткен алғашқы командалар анықталды
instagram.com/uefafutsal

Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты ширек финалына шыққан алғашқы екі құрама анықталды.

Қазірге дейін бес дүркін әлем чемпионы атанған Бразилия бұл жолы да сүрінген жоқ. Олар 1/8 финалда Коста-Рикадан 5:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ Украина құрамасы 1/8 финалда Нидерландты 3:1 есебімен жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді 29 қыркүйекте ширек финалда Бразилия құрамасы Иран мен Марокко жұбының жеңімпазымен ойнаса, украиналық футзалшылардың қарсыласы Испания мен Венесуэла кездесуінен кейін анықталады.

Сондай-ақ 1/8 финалда 25 қыркүйекте Испания мен Венесуэла, Парагвай мен Ауғанстан, 26 қыркүйекте Португалия мен Қазақстан, Иран мен Марокко кездеседі.

Ал 27 қыркүйекте плей-офф сатысында Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар