Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» ҚХЛ-де мәскелік «Динамодан» ұтылды

«Барыс» ҚХЛ-де мәскелік «Динамодан» ұтылды
"Барыс" ХК

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада мәскелуік «Динамо» (Мәскеу) командасына қарсы өткізді.

Ойынның 5-минутында ресейлік клубтан Никита Гусев есеп ашса, Джордан Уил 26-минутта басымдықты арттырды. Ал елордалық командадан 28-минутта Әлихан Өмірбеков есеп айырмасын қысқартса, Никита Гусев 43-минутта тағы бір мәрте көзге түсті. Осылайша, «Барыс» қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберіп, сәтсіздік сериясын жалғастырды.

Елордалық клуб жаңа маусымдағы жеті матчтің алтауында ұтылып отыр. Осыдан турнир кестесінде ең соңғы орында.

Енді қазақстандық команда бұдан кейінгі үш матчті Астанада өткізеді. Алдымен 26 қыркүйекте Ресейдің «Сочи» клубымен, одан кейін 28 қыркүйекте «Витязь» (Подольск), 30 қыркүйекте «Торпедо» (Нижний Новгород) командасымен кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар