Футбол

«Борнмут» Англия кубогінде «Суонсиді» тас-талқан етті

«Борнмут» Англия кубогінде «Суонсиді» тас-талқан етті
SPORTARENA.com

«Борнмут» Англия кубогінің 1/16 финалында «Суонси» командасын ойсырата ұтты.

Борнмуттегі «Виталити — Дин Корт» стадионында өткен ойын 5:0 есебімен аяқталды, барлық гол бірінші таймда салынды. 

Гол салғандар: Ллойд Келли, Алекс Скотт, Луис Синистерра, Дэвид Брукс және Доминик Соланке.

Енді «Борнмуттың» 1/8 финалдағы қарсыласы жеребеден кейін белгілі болады.

Басқа спорттық жаңалықтар