Футбол

«Бавария» қорғаушы Боэні «Галатасарайдан» сатып алмақ

«Бавария» қорғаушы Боэні «Галатасарайдан» сатып алмақ
Sports.ru

Германиялық «Бавария» ыстамбұлдық «Галатасарай» қорғаушысы Саша Боэні сапына қосуы мүмкін, деп жазады Sky Sport тілшісі Флориан Плеттенберг твиттер желісінде.

Мюнхендіктер 23 жастағы франциялық ойыншы бойынша келіссөзді бастап кетті. Мәлімте бойынша, түркиялық клуб ойыншыны 25 миллион еуроға беруге дайын. 

Боэ «Галатасарай» сапына 2021 жылы «Ренн» командасынан 1,15 миллион еуроға өткен. Оның ыстамбұлдық клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген. 

Transfermarkt порталы Боэнің трансферін 22 миллион еуроға бағалап отыр.

Басқа спорттық жаңалықтар