Australian Open

Australian Open: әйелдер арасында финалға шыққан теннисшілер анықталды

 Australian Open: әйелдер арасында финалға шыққан теннисшілер анықталды

Аустралия ашық чемпионатында әйелдер арасында финалға шыққан теннисшілер анықталды.

Осы «Үлкен дулыға» турнирінің өткен жылғы чемпионы, әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 4-орында тұрған Кори Гауфтың мысын басты. Арина америкалық теннисшіні 7:6 (7:2), 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша ол ХХІ ғасырда хард төсенішінде «Үлкен дулыға» жарысында қатарынан үшінші рет финалға шыққан екінші теннисші атанды. Бұдан бұрын оның отандасы Виктория Азаренко 2012-2013 жылдары Аустралия және АҚШ чемпионаттарында төрт бірдей финалға жолдама алған еді. Ол Аустралияда екі жыл қатарынан жеңімпаз атанса, 2012 және 2013 жылғы АҚШ біріншілігінде америкалық Серена Уильямске жол берген болатын.

Соболенко финалда әлемнің 15-ракеткасы Чжэн Циньвэньмен ойнайды. Қытайлық спортшы жартылай финалда рейтингіде 93-сатыдағы украиналық Даяна Ястремскаядан басым түсті – 6:4, 6:4.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар