Кәсіби бокс

Мексикалық "Бандит". Бек Нұрмағанбеттің келесі қарсыласы белгілі

Мексикалық
instagram.com/nurmaganbet.bek.kazbekuli

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбеттің (12-0, 10 КО) келесі қарсыласы белгілі болды.

Бек рингке 25 қазанда оралады, ол Сан-Джасинтодағы (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешіне қатысады.

BoxRec мәліметінше, оның қарсыласы "Бандит" лақап атты мексикалық Хоакин Мурриета Лусио (13-13-3, 11 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Бек кейінгі рет екі апта ғана бұрын Лас-Вегаста жұдырықтасып, екінші раундта америкалық Джошуа Конлиді (17-7-1, 11 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Басқа спорттық жаңалықтар