Ауыр атлетика
Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жүлде жеңіп алды
Olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Испанияның Леон қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.
81 келіге дейінгі салмақта Сәулебеков қоссайыста (154+190) 344 келі нәтижемен өнер көрсетті. Осы көрсеткіштің арқасында Ерасыл серпе көтеруде күміс, құрама сайыста қола жеңіп алды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы 73 келіге дейінгі салмақта 17 жасқа дейінгі екі дүркін әлем чемпионы (Мексика 2022, Албания 2023), сонымен қатар Қазақстан Республикасының рекордсмені.
Осыған дейін Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен WKF каратэден ересектер арасындағы XX Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алғанын жаздық.