Кәсіби бокс

Елеусіновтің келесі жекпе-жегін UFC құлақтандырды

Елеусіновтің келесі жекпе-жегін UFC құлақтандырды
instagram.com/daurenyeleussinov

UFC ұйымының ресми Istagram аккаунты қазақстандық кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусіновтің келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды.

Дәуреннің қарсыласы әлі жеңіліп көрмеген ирландиялық Каллум Уолш (9-0, 7 КО) болады, ал оның ісін Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер жүргізеді.

Жекпе-жек 15 наурыз Нью-Йорктегі Madison Square Garden Theater аренасының кіші залында болады. Бұл айқастың жеңімпазы бірінші орта салмақта WBC Silver белбеуін иеленеді.


Басқа спорттық жаңалықтар