Футбол

"ҚПЛ-ге қатыспайды деген" қазақстандық команда мәлімдеме жасады

Instagram/fcmaqtaaral

Атакенттік "Мақтаарал" футбол клубы Қазақстан пермьер-лигасының жаңа маусымына қатысу туралы мәлімдеме жасады.

"Қазіргі таңда "Мақтаарал" туралы түрлі қауөсектер әлеуметтік желілерде таралып жатыр. Бірі: "Мақтаарал ҚПЛ-да өнер көрсетпейді" - десе бірі "Клуб басқа командамен орындарын ауыстырайын деп жатыр" - деген секілді алыпқашпа әңгімелер өте көп. Көптеген спорттық парақшалар Мақтааралды биылғы маусымнан сызып тастағаныда жасырын емес.

Құрметті біздің жанкүйерлер! "Мақтаарал" ешқандайда жарыс жолын аяқтаған жоқ. Биыл Премьер-Лигада міндетті түрде ойнайды! Сол себепті қлубқа қатысты тың ақпараттарды тек біздің ресми парақшамыздан ғана оқыңыздар", - делінген клуб хабарламасында. 


Басқа спорттық жаңалықтар