ММА

Хамзат Чимаев Шавкат Рахмонов қай жағынан әлсіз екенін айтты

Хамзат Чимаев Шавкат Рахмонов қай жағынан әлсіз екенін айтты
Instagram/ufceurasia

БАӘ атынан өнер көрсетіп жүрген швециялық Хамзат Чимаев (13-0) UFC файтерлері туралы ойын айтты.

Атап айтқанда, Чимаевтан әлеуетті қарсыластарын 10 баллдық көрсеткішпен бағалауды сұрады. Сонда Хамзат қазақстандық Шавкат Рахмоновқа (18-0) бес балл ғана берді.

"Шавкат - жақсы страйкер, иегі де мықты, соққы көтереді. Бірақ күресі нашар", - деді ол.

Чимаев басқа да файтерлерге мынадай баға берді: Шон Стрикленд - 5, Исраэль Адесанья - 5-6, Роберт Уиттакер - 3-4, Леон Эдвардс - 2-3. Ал ең жоғары бағаны - 9 балл - ұйымның Чимаев ауыр салмақтағы чемпионы Джон Джонсқа (27-1) беріпті.

Басқа спорттық жаңалықтар