ММА

Naiza турнирінде қазақ файтер өзбек қарсыласын бірінші раундта құлатты

Naiza турнирінде қазақ файтер өзбек қарсыласын бірінші раундта құлатты

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен Naiza 67 турнирі өтті. Бұл кеште қазақстандық файтер Шыңғыс Камал (3-0) мен өзбекстандық Олим Тиллаев (2-3) айқасты.

Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын, алайда Шыңғыс бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық кәсіпқой карьерасында төртінші жеңісіне жетті. Ал Тиллаев болса төртінші рет жеңіліп отыр.


Басқа спорттық жаңалықтар