Велоспорт

Цюрихтегі велоспорттан әлем біріншілігінде жекелей сындағы ерлер сайсы аяқталды

Цюрихтегі велоспорттан әлем біріншілігінде жекелей сындағы ерлер сайсы аяқталды
olympic.kz

Швейцарияның Цюрих қаласында тас жолдағы велоспорттан әлем біріншілігі басталды. Чемпионат барысында ерлер арасындағы жекелей сын аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл бағдарламада Қазақстан намысын Евгений Федоров пен Игорь Чжан қорғаған болатын. Федоров жарысты 30, Чжан 43-орынмен аяқтады.

Бұл сында бельгиялық Ремко Эвенепул топ жарып, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. Екінші және үшінші орынды италиялықтар Филиппо Ганна мен Эдоардо Аффини қорытындылады.

Басқа спорттық жаңалықтар