ММА

Кәсіби спортшының мәйіті Ақтаудағы қоқыс жанынан табылды

Кәсіби спортшының мәйіті Ақтаудағы қоқыс жанынан табылды
Lada.kz

Ақтаудағы 3-шағынауданда аралас жекпе-жек шебері Вусал Джафаровтың денесі қоқыс контейнерлерінің жанынан табылды.

Мәйіт әбден ісіп, қарайып кеткен екен. Полиция департаменті мәйіттің 20 қыркүйекте табылғанын растады.

«Ер адамның мәйітін табу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жалғасып жатыр», – деп жауап берді департамент.

Әлеуметтік желі қолданушылары Вусал Джафаровты ұрып-соғып, денесі бірнеше күн көшеде жатып қалғанын хабарлады.

Басқа спорттық жаңалықтар