Australian Open
Асылжан Арыстанбекова Australian Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады
Жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жұптық сынында өнер көрсеткен қазақстандық Асылжан Арыстанбекова ширек финалда жеңілді.
17 жастағы қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Юлия Перепихинамен бірге жұп құрып өнер көрсеткен болатын. Ширек финалда олар жарыс фавориттері саналған британ теннисшілері Ханна Клагмен және Минге Сюймен өзара сайысқан болатын.
Өкінішке қарай, Асылжанның жұбы қарсыластарынан 6:2, 6:2 есебімен ұтылды.
Айта кетейік, Аустралия ашық чемпионатында Қазақстаннан Әмір Омарханов жұптық сында ширек финалға шықты.
Дереккөз: 1bol.kz