0

Қазақстан хоккейшілер Канвондағы Олимпиаданы финалына жете алмады

Қазақстан хоккейшілер Канвондағы Олимпиаданы финалына жете алмады
GOV.KZ

Қазақстандық хоккейшілер (3х3 жүйесі бойынша) жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады.

Канвонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында отандастарымыз Латвиядан келген замандастарынан ойсырай ұтылды.  Рамазан Қайдаров шәкірттері топтық кезеңде болған 7 кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, бірден жартылай финалға жолдама алған еді. Алайда Латвияға қарсы ойын сәтсіз өтіп, 6:19 есебімен қарсыластарына есе жіберді. 

Жас хоккейшілеріміз ертең үшінші орын үшін ойын өткізеді. 

Айта кетейік, Канвондағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынында әзірге 1 алтын және 1 қола медаль бар.

Басқа спорттық жаңалықтар