Теннис

16 жастағы қазақстандық теннисші тарихқа кірді

16 жастағы қазақстандық теннисші тарихқа кірді
ҚТФ

Australian Open турнирінің ширек финалына жеткен қазақстандық Әмір Омарханов тарихқа атын жазды. Ол осы жарыста ширек финалға дейін жеткен алғашқы қазақстандық болып отыр. 

Жарыстың үшінші айналымында Әмір оңтүстік кореялық Чанджун Кимді бір жарым сағаттық матчте 6:3, 6:0 есебімен ұтты.

Жасөспірім теннисшілер рейтингінде 27-орында тұрған Омарханов енді жартылай финалға шығу жолдама үшін әлемдік рейтингте өзінен екі саты жоғары тұрған нидерландық Мец Ротгерингпен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар