Футбол

"Ақтөбе" футбол клубы шетелдік шабуылшымен қоштасты

"Ақтөбе" ФК

"Ақтөбе" футбол клубы хорватиялық шабуылшы Андрия Филиповичпен қоштасты. 

"Хорватиялық шабуылшы Андрия Филипович "Ақтөбемен" қош айтысты. 26 жастағы ойыншы өткен маусымның басында ақ-қызылдар сапын толықтырып, барлық турнирлердегі 28 матчта 5 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді. «Ақтөбе» футбол клубы Андрияға өзара ынтымақтастық үшін алғыс білдіре отырып, ілгергі мансабына мол табыс тілейді", - делінген клуб хабарламасында. 

 Ескес алайық, бұған дейін ақтөбелік клуб сапынан черногориялық Милош Раичкович, ресейләк Роман Изотов, ивуарлық Франк Андерсон Ньянгбо, израильдік Ихаб Ганаем кеткен болатын. 

Ал маусым аралық кезеңде командада бапкер ауысты, Андрей Карповичтің орнына ресейләк Дмитрий Парфенов келді.

Басқа спорттық жаңалықтар