Теннис

Асылжан Арыстанбекова жұптық сында Australian Open ширек финалына өтті

Асылжан Арыстанбекова жұптық сында Australian Open ширек финалына өтті
instagram/@_arstnbkva_a_

Асылжан Арыстанбекова жұптық сында жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші белоруссиялық Юлия Перапехинамен бірге жапониялықтар Хаю Киношита - Вакана Сонобе дуэтін 6:4, 2:6, 10:7 есебімен ұтты.

Енді 1/4 финалда Қазақстан-Беларусь дуэті ұлыбританиялық Минге Сю/Ханна Клугманмен ойнайды.


Басқа спорттық жаңалықтар