Теннис

Қазақстандық жасөспірім Australian Open ширек финалына өтті

Қазақстандық жасөспірім Australian Open ширек финалына өтті
ҚТФ

Жасөспірім теннисшілер рейтингінде 27-орында тұрған қазақстандық Әмір Омарханов Australian Open турнирінің ширек финалына жетті. 

Жарыстың үшінші айналымында Әмір оңтүстік кореялық Чанджун Кимді бір жарым сағаттық матчте 6:3, 6:0 есебімен ұтты.

Енді Омарханов жартылай финалға шығу жолдама үшін әлемдік рейтингте өзінен екі саты жоғары тұрған нидерландық Мец Ротгерингпен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар