Жасөспірімдер Олимпиадалық Ойындары

Канвон-2024: Италия 7 алтынмен көш бастады

 Канвон-2024: Италия 7 алтынмен көш бастады

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында Италия құрамасы 7 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен көш бастап келеді. Ал Қазақстан бүгін 9-орыннан 14-орынға төмен сырғыды.

Кеше ғана жалпыкомандалық медальдар кестесінде 4 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлдемен бірінші орында тұрған Германия бүгін екінші орынға сырғыды. Керсінше кеше италиялықтар екінші орында болған. Ал, Франция құрамасы үздік үштікті түйіндеп тұр.

Қазірге дейін Канвон Олимпиадасының медаліне 80 мемлекеттен 29-ы қол жеткізіп үлгерген.

Медальдар кестесіндегі алғашқы ондыққа енген елдер:

1. Италия – 7 алтын, 2 күміс, 2 қола (11)

2. Германия – 6 алтын, 2 күміс, 2 қола (10)

3. Франция – 5 алтын, 2 күміс, 2 қола (9)

4. Қытай – 3 алтын, 6 күміс, 1 қола (10)

5. Оңтүстік Корея – 2 алтын, 2 күміс, 4 қола (8)

6. Словения – 2 алтын, 1 күміс (3)

7. Нидерланды – 2 алтын (2)

8. Австрия – 1 алтын, 6 күміс, 4 қола (11)

9. Латвия – 1 алтын, 3 күміс, 1 қола (5)

10. АҚШ – 1 алтын, 2 күміс (3)

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық хоккейшілер Ұлыбритания командасынан 22:13 есебімен ұтып, Олимпиаданың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Басқа спорттық жаңалықтар