Теннис

Денис Евсеев Бельгиядағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

 Денис Евсеев Бельгиядағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақстанның екінші, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Оттиньи-Лувен-ла-Нёв (Бельгия) челленджер турниріне жолдама алды.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 277-орында тұрған түркиялық Джем Илькельмен шеберлік байқасты.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Евсеев 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ол 4 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Илькель 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Денис Евсеевтің келесі қарсыласы кейін анықталады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты кездесуде рейтингіде 273-сатыдағы Польша өкілі Макс Касниковскиге жол берді – 6:2, 5:7, 3:6. Сөйтіп Кукушкин негізгі кезеңге өте алмады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар