Футбол
Салахтың жарақаты ауыр болып шықты
Reuters
Англиялық «Ливерпуль» мен Мысыр құрамасының шабуылшысы Мохамед Салах жарақат салдарынан 3-4 апта алаңға шыға алмайды. Бұл туралы футболшының агенті Рами Аббас хабарлады.
"Мохаммедтің жарақаты ауыр болып шықты, ол енді 2 ойын ғана емес, 21-28 күндей алаңға шыға алмайды", - деп жазыпты Аббас әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Салах Мысырдың Африка кубогіндегі Ганамен мачтінде (2:2) жарақат алып қалды.