Футбол

ҚПЛ-ге көтерілген клуб "Астанадан" шетелдік ойыншыны "қағып" кетті

ҚПЛ-ге көтерілген клуб
Match KZ

Астаналық "Жеңіс" шведциялық қорғаушы Беньямин Йертстрандты сапына қосқанын хабарлады. 

"Швециялық қорғаушы Беньямин Йёртстранд «Жеңіс» ФК қатарына қосылды! Беньямин мансабын «Далькурд» футбол клубында бастады. Сонымен қатар «ИК Браге», «Эребру» және «Хальмстад» футбол клубтарында ойнады. Өзінің мансабында ол әртүрлі швед лигаларында 200-ден астам матч өткізді", - делінген клуб хабарламасында.

Мұның алдында шведциялық футболшымен "Астана" келіссөз жүргізіп жатқан еді. 


Басқа спорттық жаңалықтар