Футбол

"Ақтөбе" шабуыл шебін оңтүстік америкалық форвардпен күшейтті

"Ақтөбе" ФК

Боливиялық шабуылшы Леонардо Вака Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Ақтөбе" сапына қосылды.

"28 жастағы боливиялық ойыншы бес дүркін Қазақстан чемпиондарының сапына қаралымға келді. Вака өз отанындағы бірқатар клубтарда және литвалық “Жальгирис” құрамында ойнаған. Сондай-ақ Боливия ұлттық құрамасында да 11 матч өткізіп, бір гол соққан. “Жальгиристе” 19 ойын өткізіп, үш доп салған және бір нәтижелі пас берген", - деп жазады клубтың баспасөз қызметі. 


Басқа спорттық жаңалықтар