ММА

Жалғас Жұмағұлов чехиялық лиагадағы алғашқы айқасын өткізеді

Жалғас Жұмағұлов чехиялық лиагадағы алғашқы айқасын өткізеді
instagram/zhumagulov_zhalgas

Қазақастандық белгілі файтер Жалғас Жұмағұлов (16-9) чехиялық Oktagon промоушенінде өтетін алғашқы жекпе-жегінің уақытын айтты.

"Күні белгіленді, қарсылас бар, 9 қараша Словакияда", - деп жазыпты Fight Nights лигасының бұрынғы чемпионы.

Еске салайық, Жұмағұлов UFC ұйымында да өнер көрсетіп, 2023 жылы жетінші айқасынан кейін келісімшарты тоқтады (бір рет жеңіп, алты рет жеңілді). Одан кейін Жалғас Naiza лигасында екі айқас өткізді. Кейін UFC ұйымына қайта оралғысы келіп, American Top Team командасымен жаттығып жүрді.

Басқа спорттық жаңалықтар