Футбол
«Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы есірткі тасымалы үшін ұсталды
Англиялық «Арсеналдың» бұрынғы ойыншысы Джей Эммануэль-Томас есірткі контрабандасы бойынша айыпқа ілінді.
Ойыншы Ұлыбританиядағы Стэнстед әуежайында оның чемодандарынан құны 600 мың фунт стерлингтік болатын марихуана табылғаннан кейін қамауға алынды.
Футболшыға есірткі контрабандасы және салық төлеуден жалтарған деген айыптар тағылды.
33 жастағы Эммануэль-Томас қазір шотландиялық "Гринок Мортон" клубында ойнайды. Ағылшын 2009-2011 жылдар аралығында «Арсеналдың» ойыншысы болды, команда сапында 2 матч өткізді.