Дзюдо

Араб Әмірліктеріндегі Grand Slam турниріне баратын дзюдошылар іріктелді

Араб Әмірліктеріндегі Grand Slam турниріне баратын дзюдошылар іріктелді
olympic.kz

11-13 қазан күндері Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Дабиде дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Қазақстан құрамасы осы жарысқа баратын құрамын іріктеді.

Бұл турнирге Қазақстан атынан ерлерден 9, бұрымдылардан 3 балуанымыз барады.

Қазақстан құрамы төмендегідей:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов

66 келі: Әділбек Берікұлы

73 келі: Дархан Қойбағар, Ермек Амангелді

81 келі: Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев

100 келі: Әділет Сапарғалиев

+100 келі: Мәди Еділбаев Әйелдер:

63 келі: Есмигүл Куюлова

+ 78 келі: Назгүл Маратова, Карина Такиева.


Басқа спорттық жаңалықтар