Қазақстан футбол Премьер-лигасы

«Қайрат» футбол клубының ойындарына билеттерді енді тек онлайн алуға болады

 «Қайрат» футбол клубының ойындарына билеттерді енді тек онлайн алуға болады
https://www.instagram.com/f.c.kairat

«Қайрат» футбол клубы өз алаңында өтетін матчтарға билет сатып алу жүйесіне өзгерістер енгізді.

Клубтың мәліметінше, аталған өзгерістер билет сатып алуды жеңілдетіп, қағазды аз пайдалануға бағытталған.

«Жанкүйерлерге қызмет көрсетуді жақсартып, экологиялық қауіпсіздікке үлес қосу мақсатында біз бұдан былай билетті стадион кассасында сатпаймыз.

Билетті «Қайрат» ФК ресми сайтында, сондай-ақ эксклюзивті серіктесіміз Ticketon.kz арқылы сатып алуға болады», - деп хабарлады «Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ футбол клубы 2024 жылғы маусымға арналған абонементтердің сатылатынын хабарлады. Оларды Алматы қаласы, Абай даңғылы, 48/4 мекенжайынан алуға болады.

Басқа спорттық жаңалықтар