ММА

Нұрлан Сабуров ресейлік әншімен жекпе-жекке шығуы мүмкін

Нұрлан Сабуров ресейлік әншімен жекпе-жекке шығуы мүмкін
instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

AMC Fight Nights лигасының президенті Камил Гаджиев қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуров пен ресейлік әнші MACAN арасында жекпе-жек болуы мүмкін екенін айтты.

Жақында Камил Гаджиев Hustle Show Youtube арнасында стендап-әзілкеш Нұрлан Сабуров пен рэп орындаушы MACAN арасында жекпе-жек ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеген еді.

"Осындай жекпе-жекті елестетіп көріңдерші, Нұрлан Сабуров MACAN-ға қарсы. Елде қандай дүрбелең болады десеңші. Гонорар жағына келсек, әрине, біз 100 миллион рубльден шығара алмаймыз, бірақ 30 миллион болады. Мен ертең-ақ келісімшарт жасауға дайынмын" — деді Гаджиев.

Кейін Youtube-тағы ресми арнасында аталмыш жекпе-жекті ұйымдастыруда қандай қиындықтар болатынын айтты.

"Мен бұл жекпе-жектің болатынына сенбеймін. Бірақ 30 миллион жігіттерге аз болып көрінетін шығар деп ойлағаннан емес. Себебі Нұрлан MACAN-мен жұдырықтасуы үшін ол сияқты күн сайын жаттығуы керек.

Енді Нұрланның уақыты қайда кететінін білесіздер. Түсірілімдер, медиа және қоғамдық жұмыстар. Қазір ол жекпе-жекке бас қатыра ала ма? Әрине, жоқ. Мен бұл жекпе-жек болмайды деп ойласам да, Нұрланға ұсыныс жеткізуге міндеттімін және оны жасап көремін", — деді Гаджиев.

Басқа спорттық жаңалықтар