Ла Лига
«Реал Мадрид» өз стадионында 1000-жеңісіне қол жеткізді
Мадридтің «Реал» клубы Ла лиганың 21-турының матчында «Альмерияны» 3:2 есебімен ұтты.
Тілші Педро Мартиннің мәліметінше, «корольдік» клуб «Сантьяго Бернабеу» стадионында (1297 матч өткізген) 1000-жеңісіне қол жеткізді.
Журналист Ла Лига командалары арасында кім көбірек жеңіске жеткені туралы статистика келтірді:
«Реал» («Сантьяго» стадионында) — 1000 (1297 матч);
«Валенсия» («Месталье» стадионында) — 889 (1455);
«Барселона» («Камп Ноу» стадионында) — 823 (1175).
Дереккөз: el.kz