Конькимен жүгіру

Канвон-2024: Қазақстандық конькиші қыз үздік жетілік қатарында

Канвон-2024: Қазақстандық конькиші қыз үздік жетілік қатарында

Канвонда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында конькимен 500 метрге жүгіруден жеңімпаздар анықталды.

Қыздар арасындағы сында екі спортшымыз алғашқы ондыққа енді. Кристина Шумекова жетінші, ал Алина Шумекова оныншы нәтиже көрсетті. Бұл сында алғашқы үш жүлдені тиісінше Нидерланд, Оңтүстік Корея және Жапония спортшылары өзара бөлісті.

Ал ұлдар арасындағы бәсекеде Руслан Жанәділов 14, Михаил Матрюхин 18-нәтиже көрсетті.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар