Теннис

Кукушкин Бельгияда іріктеу сайысын жеңіспен бастады

Кукушкин Бельгияда іріктеу сайысын жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Оттиньи-Лувен-ла-Нёв (Бельгия) челленджер турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

Ол іріктеу кездесулерінің жартылай финалында хорватиялық Нино Сердарусицтен 6:3, 7:5 есебімен басым түсті.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Кукушкин 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдасына жаратты.

Енді Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 273-ракеткасы, польшалық теннисші Макс Касниковскимен шеберлік байқасады. Оның жеңсе отандасымыз негізгі жарысқа жолдама алады.

Іріктеу сайыстарында тағы бір қазақстандық Денис Евсеев те сынға түседі.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар